
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.
Шара барысында анықталған ұсыныстарды тіркей отырып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде өзгертілген «Тауарлар декларациясы» модулін сынақтан өткізуге қатысты мәселелер, уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау және көлік құралдары мен тіркемелерді салыстыру құжатын дұрыс толтыру, мемлекеттік кірістер органдарына есеп беру және басқа да мәселелер талқыланды.
Шара барысында «Кеден» ақпараттық жүйеде жұмыс көрсетіліп, кәсіпкерлердің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.




























