Жарияланған күні: 22.11.2024 19:12
Өзгертілген күні: 22.11.2024 19:13
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының, Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және декларанттармен қатысуымен семинар өтті.
Шараны ашқан Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова жиналғандарды  Мемлекеттік кірістер комитеті қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорттық-импорттық операция жөніндегі Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерін кезең-кезеңмен алмастыратын жаңа «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін енгізу жөнінде ақпарат жеткізді.

         Осы үдеріс шеңберінде «Keden» ақпараттық жүйесінде алдын ала ақпаратты, транзиттік декларацияны, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету куәлігін тіркеу, тауарларды сақтау құжатын, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру/қарау жаңа функционал іске қосылды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент басшысы Нұрбек Хабиев техникалық реттеу шараларын, атап айтқанда көлік құралының түрін мақұлдау (КҚТМ) растайтын құжаттарды пайдаланудағы өзгерістер 3 жылдан аз уақыт өткен көлік құралдарына және заңды тұлғаларға қолданылатынына назар аударды. 
Бұл жаңашылдық жеке тұлғалардың көліктерді импорттауына қолданылмайды.

Өз кезегінде, егер мұндай өнімнің декларанты КҚТМ-да көрсетілген тұлға болған жағдайда ғана КҚТМ-ны пайдалануға жол беріледі.

    Шара барысында семинар қатысушылардың қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.