Жарияланған күні: 18.03.2025 19:06
Өзгертілген күні: 18.03.2025 19:07

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың ең көне мәдени мекемелерінің бірі - Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына  саяхат жасады.

Мұражайда қазақ халқының этнографиялық материалдарының бай қоры жинақталған.

Бұл ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқ - торсықтар, қоржындар және басқада тұрмыстық заттар,  сонымен қоса алашадан төсеніштер, түс кілемдер, ұлттық киімдер жинақталған.

Зергерлік бұйымдардың  коллекциясы, ортағасырлық монеталар мен күміс тостағандар бар.

Келушілердің назарына қазақ мемлекет және саяси қайраткері Абылай ханның киімі, қарулары,
орыс және басқа да патшалармен хат алмасудағы құжаттары үлкен  қызыгушылық танытты.
Ортағасырлық залда өте қызықты экспонаттар – Алтын Орда қылыштары, садақтары, найза және жебенің ұштары қойылған.

Тағы бір ерекше жәдігер Шыңғыс Уәлихановтың ата бабаларынынаң қалған шапаны.

Қызметкерлерге мұражайға бару ұмытылмас әсер қалдырды, өйткені оның экспонаттары мен жәдігерлері қазақ халқының ұлттық мәдениетін, этнографиялық құндылықтарын және өзіндік ерекшелігін сипаттайды.