Жарияланған күні: 04.09.2019 15:09
Өзгертілген күні: 04.09.2019 15:09

                           Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болатын барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады. Тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжаттар болып табылады.

          Тауарлардың шығу тегін анықтайтын преференциалық емес ереже (бүдан әрі – Ереже) Еуразиялық экономикалық комиссияның 13.07.2018 жылғы № 49 шешімімен бекітілген. Осы Ереженің 25-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығу тегін айқындау (тауарлардың шығу тегін анықтайтын непреференциалық ереже) Одақта ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын ұқсас әкелетін тауарлар - тауардың шыққан жері туралы сертификатпен дәлелдену керек, қоспағанда қорғау шаралары сақталғанда (мысалы, демпингке қарсы бажды төленген), немесе ұқсас тауарды жалпы кедендік құны 150 АҚШ доллардың баламасынан аспайтын болса.

Тауардың шыққан жері туралы сертификатты ресімдеу бойынша Талаптар аталған Ережемен бекітілген (преференциялдық емес сертификат).

Бұл жағдайда Ережелерге қойылатын талаптардың 8-тармағында «Егер преференциалық сауда шеңберінде қолданылатын шыққан жері туралы құжат ретінде сертификат пайдаланылса, мұндай сертификатта қызметтік белгі соғу бағанында "преференциалық емес мақсаты үшін", "for non-preferential purposes" или "à des fins non préférentielles" белгісі болу керек деп бекітілген.

Сертификат берілгеннен күннен бір жыл мерзімінде шығу елін анықтау құжаты болып қарастырылады.