
Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан мемлекеттерді біріктірді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа бірінғай кедендік кодексі күшіне енді.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕЭО КК) жаңалықтарының бірі, Еуразиялық экономикалық
одағының тауарларын (бұдан әрі – Одақ тауарлары) ЕЭО кеден аумағының бір бөлігінен ЕЭО мүшесіне жатпайтын
мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен ЕЭО кеден аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын тауарларға
қатысты кедендік транзит кеден рәсімін қолдану, аяқтау және тоқтату (бұдан әрі - КТКР) ерекшеліктері туралы
ЕЭО КК 304 бабына сәйкес құру болып табылады.
ЕЭО КК-нің 304-бабының 5-тармағына сәйкес Одақтық тауарларды КТКР орналастыруына байланысты кедендік операциялар,
келесі жағдайларда көрсетілген тауарлардың жіберушісі орналасқан кеден органының аумағында ғана жасалады:
1. Одақ тауарлары жолаушылар пойыздарының құрамына кіретін почта және багаж (почта-багаж) вагондары арқылы
тасымалданатын жағдайлардан басқа Одақ тауарлары теміржол арқылы тасымалданады;
2. ЕЭО-на мүше мемлекетте КТКР орналастырылған тауарлар, мұндай тауарларға арналған кедендік баждардың ставкалары белгіленеді;
3. Одақ тауарларын тасымалдау шарттары ЕЭО-ның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарындағы
жүк операцияларының орындалуын көздейді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы
Рүстам Мәдиев