Жарияланған күні: 04.09.2019 15:11
Өзгертілген күні: 04.09.2019 15:11

Кеден органдары тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін оларды сыныптауды тұлғалардың өтініші бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер  және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады.

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер өзінің кеден органдары тауарларды сыныптау туралы осындай алдын ала шешімдер қабылдаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында, ал    тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде   Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттердің аумақтарында да қолданылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында  кеден ісі саласындағы уәкілетті  орган және Еуразиялық экономикалық комиссия жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдайды және түсіндірмелер береді.

Уәкілетті органымен қабылданған жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешім мен түсіндірме  Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сыныптау кезінде міндетті болып табылады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ұсыныстары негізінде Комиссия жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы шешімдер мен түсіндірмелер қабылдайды. Жекелеген тауар түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелер Комиссияның ұсынымдары түрінде қабылданады.

Кеден органдары тұлғалардың өтініші бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік декларацияланғанға дейін осындай тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылдайды. Алдын ала шешім тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады. Алдын ала шешім қабылдау үшін белгіленген нысандағы өтінішке: тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі;  тауар өндірілген елдің  сауда-өнеркәсіптік палаталарының және (немесе) басқа сараптама ұйымдарының сараптама актілері ;  өзіне қатысты тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданатын тауардың шығарылған жері туралы сертификат;   және онда көрсетілген мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі. Алдын ала шешім жиырма жұмыс күннен кешіктірілмей қабылданады және  Қазақстан Республикасының аумағында осындай алдын ала шешімдердің қолданыс мерзімі ішінде қолданылады.  Өздеріне қатысты тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарларды кедендік декларациялау кезінде олардың шығарылған жері туралы мәліметтер тауарлардың шығарылған жері туралы қабылданған алдын ала шешімдерге сәйкес тауарларға арналған декларацияларда көрсетіледі.