Жарияланған күні: 02.07.2020 11:51
Өзгертілген күні: 02.07.2020 11:52

Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу мерзімі шегерілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №615 бұйрығымен тауарларға жарналған ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу мерзімі өзгертілді.
2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі:
- Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын.
2020 жылғы 1 қазанынан бастап тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі:
- Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі;
- Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi;
- Өндірілуі мен айналымы «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар;
- Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар;
- Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады, және мұндай тауарларға электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі арқылы жазып беріледі.
2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі:
- Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады (осы тізбесінің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа);
- Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар.