Жарияланған күні: 30.11.2020 18:41
Өзгертілген күні: 03.12.2020 17:08

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен кәсіпкерлер үшін  «Акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» тақырыбында вебинар өткізілді.

Іс-шараның спикері болып акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ержан Шүлембеков қатысты.

Іс шара барысында  акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібі туралы, пилоттық жобаға қатысушылар, пилоттық жобаны іске асыру мерзімдері, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету кезінде ТІЖҚ жазып беру шарттары, бөлшек саудада өткізу кезінде жазып беру тәртібі бойынша.  тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды қағаз түрінде ресімдеу туралы   ақпарат беріді,

Ерекшелігінің бірі, пилоттық жоба кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайтынын ескертті.