Жарияланған күні: 10.10.2024 16:33
Өзгертілген күні: 10.10.2024 16:33

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жедел көмек көрсету үшін 2024 жылғы 9-қазаннан бастап Telegram Salyqbot-та «Кеден мәселелері бойынша көмек» сервисі іске қосылғанын хабарлайды.
Енді кедендік бекеттерден өту және тауарларды шығару, сондай-ақ кедендік декларациялардың мәртебесін тексеру бойынша сұрақтарға жауаптарды Qr-код арқылы білуге болады, ол үшін телефон камерасын немесе кез келген бағдарламалық шолғыш камерасын (Google, Яндекс және т. б.) бағыттасаңыз болғаны.