
«Қазақстан-Көкшетау» телерадиокомпаниясы «Актуальная тема» бағдарламасының тікелей эфирінде Таукелдерді талдау басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов телекөрермендер қойған сұрақтарына жауап берді
Сұрақ: Сәлеметсізбе, Мен Көкшетау қаласынан хабарласып тұрмын, менің сұрағым осындай, Сіз айтқандай ақшаны жұмсаған кезде тағы да алдым деген хабарламадан кейін жұмсаған жайлы есеп беру керек, бірақ ақшаны жұмсаған жайлы есепті қай мерзімде тапсыру қажет?
Жауап: Шетелден қаржыландыру алған тұлғалар 2 талапты орындауы қажет. Бірінші – шетелден қаржы алу жайлы келісім жасалғаннан кейін 10 қүн ішінде мемлекеттік кірістер органдарын хабардар ету. Екінші – тоқсан қортындысы бойынша (қаржы алынғаннан кейін) мемлекеттік кірістер органдарына есеп тоқсанның келесі айының 15 дейін арнайы есеп тапсыру қажет. Егер алынған қаржы бір тоқсанның ішінде жұмсалса, келесі тоқсанда есеп берілмейді.
Сұрақ: Қайырлы кеш! Анықтағым келгені шетелден қаржы алғанда салық немесе өзге органдарда тіркелу қажет пе?
Жауап: Жоқ, мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуге қажет емес.
Сұрақ: Сәлеметсізбе, білгім келгені, менің Америкада тұратын қызым маған қаржылай көмектесіп, кейде ақша жіберіп тұрады маған салық органына бару кереп пе?
Ответ: Жоқ. Салық органдарына шетел көздерінен алған ақша немесе өзге де мүлік бойынша келісім жасаған тұлғалар және сол қаржыны заңгерлік көмек көрсету, қоғамның пікірін білу үшін сауалнама өткізуге, әлеуметтік сауалнама жүргізуге, ақпаратты жинап, талдап және тарату мақсатында жұмсалса ғана хабарламаны тапсыру қажет.
Сұрақ: Қайырлы кеш! Менің сұрағым, егер де шетелден ақша алатын болсам Сіздің мекемеңізден осы жайлы алдын ала келісім немесе рұқсат алу кереп пе?
Жауап: Салық органдарында ондай уәкілеттілігі жоқ. Рұқсат алу керек емес, тек қана алған ақша немесе өзге де мүлік бойынша келісім жасағаннан кейін 10 күн ішінде хабарландыру ғана қажет.