Жарияланған күні: 18.02.2020 15:50
Өзгертілген күні: 18.02.2020 15:51

Мемлекеттік кірістер департаменті: автомобиль және мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда, қонақ үй қызметін ұсыну, мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтану және сусындарды беруді ұйымдастырудың өзге де түрлері, жол жүру құжаттарын (билеттер) сату, әуе және темір жол көліктеріне багаж және жүк багаждарына түбіртек, жүктерге көліктік өңдеу бойынша қызметті ұсыну, қаттау және сақтау, тасымалдау бойынша қосымша қызметтер және жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер, туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлар және басқа ұйымдардың (турагенттіктерден басқа) қызметі, сақтандыру саласындағы қызмет, денсаулық сақтау саласындағы қызмет, білім саласындағы қызмет, кинофильмдерді көрсету, кинофильмдер, бейне- және телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі, фитнес-спорт клубтар, дискотека қызметі, құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтері, боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет түрлерін іске асыратын тұлғаларға ескертіледі. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтар (құрылғылар) болуы міндетті.
Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бұл ереже:
1) жеке тұлғалардың;
2) адвокаттар мен медиаторлардың;
3) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің;
6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 166-бабына сәйкес ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып табылады.