Жарияланған күні: 26.03.2020 17:31
Өзгертілген күні: 27.03.2020 10:38

Бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар топтамасы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды, кепілдіктер беруді, салықтық ынталандыруды, бизнесті тексеруді азайтуды және жұмыспен қамтамасыз етуді қамтиды.

Біріншіден – ірі сауда нысандары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт объектілері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығынан бір жыл мерзімге босатылатын болады,

Екіншіден - бір тоқсанға өсімақы есептеу тоқтатылады, 3 тоқсан үшін салық есептілігінің мерзімі кейінге ауыстырылатын болады. Жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салықтардан босатылады. 

Үшіншіден - Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19, 212-баптарын басшылыққа ала отырып, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, келесі нысандардың ұсыну мерзімін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды:

  1. корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
  2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
  3. жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
    (230.00 нысан);
  4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
  5. қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
  6. жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
  7. тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
  8. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация
    (920.00 нысан).

Төртіншіден – жалпыға бірдей белгіленген тәртіпт бойынша  жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Бесіншіден - төтенше жағдай кезінде қамералды бақылау қорытындысы бойынша хабарламалар жіберу тоқтатылады. Нысандарға барып, кедендік және салықтық тексерістер жүргізу азайтылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қарастырылады.

Сондай-ақ, Салық кодексінде төтенше жағдай кезінде қарыз кейінге шегерілсе, оған өсімпұл есептелмейді.
Алайда ондай жеңілдікті алу үшін кепілзат немесе банктік кепілдік қажет.
Осыған орай төтенше жағдай кезінде салықтық міндеттемелер бойынша қарыз бен өсімпұлды кейінге шегеруді оңтайландыратын тетіктер қарастырылуда.
Құрметті салықтөлеушілер мен  сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары!

Біздің елімізде коронавирус инфекциясы анықталуына және осыған байланысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, тікелей байланыстар азайту мақсатында Сізді қашықтықтан салық төлеушілердің кабинетіндегі және басқа да ақпараттық жүйелерінде электрондық тәсілдерін қолданып жұмыс істеуге шақырамыз.

Туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында сонымен қатар кеден бекеттерінде контакт-орталықтары ашылған.

Контакт-орталықтарының  телефондары

Мемлекеттік кірістер департаменті - 8-716-2-72-84-32

Көкшетау қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы  - 8-716-2-72-12-30/ 8-716-2-72-12-35/ 8-716-2-72-15-66

Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  - 8-716-2-12-12-16/ 8-716-38-2-03-32

Астрахан  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  - 8-716-41-22-6-37

Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-43-26-3-42/ 8-716-2-72-12-64/ 8-716-43-26-3-42

Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы - 8-716-2-72-10-89/ 8-716-40-91-8-97

Аршалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  - 8-716-2-72-12-53/8716-44-2-20-32/ 8716-44-2-20-33/ 8716-44-2-20-32

Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-33-21-0-48/ 8(716-33) 2-10-48

Егіндыкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-42-2-12-42

Қорғалжын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-37-2-14-61/ 8-716-37-2-14-62

Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-46-22-3-72/ 8-716-46-22-3-73

Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы - 8-716-2-72-12-59/ 8-716-2-72-12-61

Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-2-72-12-49/ 8-716-2-72-12-50

Степногорск қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-46-66-7-76/ 8-716-2-72-10-36/ 8716-45-6-68-11

Жарқайын ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-2-72-12-71/ 8-716-2-72-12-72

Есіл  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы - 8-716-2-72-12-67/ 8-716-2-72-12-66/ 8(71647) 21 0 09

Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-35-21-2-62/ 8-716-35-21-2-63

Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-32-22-9-48/ 8-716-32-22-4-38

Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы - 8-716-36-23-6-07/ 8-716-36-23-6-08

Біржан сал  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

- 8-716-39-21-1-00

«Көкшетау-КРО» кеден бекеті - 8-716-2-25-15-96

 «Бурабай» кеден бекеті - 8(71636)23960

 «Атбасар» кеден бекеті - 8716-43-544-15

Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде -  (87162)  72-34-82 телефоны бойынша Колл-орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар  Сіз «WhatsApp»  нөмірілеріне хабарласыңыздар.

Жеке тұлғалар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне салықтың есептелуі, төленуі, пайда болған қарыздары бөлігінде жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарды «WhatsApp» мессенджері арқылы 8-747-345-51-83 нөмірі бойынша қоя алады.

Жеке тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша (көлік салығы бойынша) немесе жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша (мүлік, көлік) хабарласу қажет.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының «WhatsApp» нөмерлері Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында орналастырылған.

Біз еліміздің барлық қиындықтарға төтеп беретініне сенімдіміз. Бұл эпидемиядан сақтану біздің ортақ міндетіміз екендігін естен шығармайық. Мемлекеттіміздің коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларын бірге жүзеге асырайық.
Әрбір танытқан жауапкершілік - баршамыздың қауіпсіздігімізді арттырады!