Жарияланған күні: 03.04.2020 14:29
Өзгертілген күні: 03.04.2020 14:30

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстар басқармасының бысшысы Шынар Мусина РТ РК Қазақстан Ақмола облыстық филиалының тілшісі Мәдина Смағуловаға сұхбат берді.
Салық органдары қашықтан қызмет көрсету режиміне көшті. Азаматтар қажетті ақпараттармен танысулары үшін мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтына кірулері керек. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде салық жеңілдіктерін реттейтін Үкіметтің бірнеше қаулысы күшіне енген болатын. Ақмола облысында 41285 жеке кәсіпкер және 15 мыңға жуық заңды тұлға тіркелген. Олардың қаншасының салықтан уақытша босатылатындығы қазір анықталып жатыр. Өйткені, тізім күн сайын толығуда.
Мамандар салық төлеушілерге көрсетілетін қолдауға қатысты бірнеше бөлімді атап өтті. Кино залдары, театр, көрме, спорт залдары, сауда және көңіл-көтеру орындарының иелері жыл соңына дейін, яғни, 31 желтоқсанға дейін салықтан босатылды. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерге қатысты салық та тоқтатылды. Шағын және орта бизнес субъектілері де 3-ші тоқсанның салықтық есептерін 1 маусымда тапсырады.
Әлеуметтік маңызы бар санаттағы салық төлеушілер үшін салық көлемі 12-ден 8 процентке төмендеді. Яғни ұн, күнбағыс майын, ет, құс етін, жұмыртқа, ірімшік сататын кәсіпкерлер. Олардың толық тізімдемесін akm.kgd.gov.kz сайттан қарауға болады. Өз күшіне енетін тағы бірқатар қаулылар бар. Жеке тұлғалардың көліктеріне, мүлкіне, және жер салығына байланысты. Сонымен қатар, заңгер, нотариус, жеке сот орындаушылары мен медиаторларға қатысты.
Салық органдары мамандарының қашықтан жұмыс істеу режимінде әр маман өз учаскесіне жауапты болады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қажетті ақпараттарды өздерінің сайттарында әрдайым жаңартып отыратындарын айтады. Төтенше жағдай кезінде, бақылауға қатысты ескертулерді сайтқа шығару тоқталды. Дегенмен, салық салымдары саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар қадағаланады.
Бейнесюжеттің толық нұсқасын https://kokshetautv.kz/kz/news/society/salyk-toleu-uakyty-shegerildi сілтемесі бойынша көре аласыз.