
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласын көркейту және санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық шараларға белсенді қатысуда.
Олардың негізгі мақсаты – қоғам назарын қала көшелерінде тазалық сақтауға аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беру. Шараларға қаламыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруға ниет білдірген қала тұрғындары мен қала ұйымдарынын өкілдері қатыса алады.
Шаралар барысында Департаментке бекетілген аумақ тазартылып, ағаштар және бордюрлер әктелді, қыс бойы жиналған қоқыс шығарылды. Сонымен қатар «Қопа» өзенінің жағасы жиналған қоқыстан тазартылды.
Сүйікті қаламызды таза ұстайық! «Таза қала - әрқашан әдемі және жас»! – деп бекер айталмаған.