
Көкшетау қаласында «Нұр Отан» Партиясы» ҚБ мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары келер жылда күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгертулер бойынша үнемі түсіндіру жұмыстарын өткізеді.
Орталық базарда, сауда үйлерінде жеке кәсіпкерлер арасында семинарлар өткізіледі, онда кассалық-бақылау машиналары мен POS-терминалдар, электрондық шот-фактураларды беру тәртібі, ақшалай қаражаттар мен мүлікті жекешелендіру, «Чекті талап ет- жүлде ұтып ал!» акциясының шарттары және басқа да жаңалықтар түсіндіріледі.
Шараларға Көкшетау қ. бойынша мемлекеттік кіріс басқарма басшысының орынбасары – Қанат Алимов, мемлекеттік кіріс департаменті жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының басшысы - Жасұлан Тлеулин, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Назгүл Аюпова, түсіндіру жұмысының басшысы Шынар Мусина, кедендік одақ және үш елдің импортын әкімшіліктендіру бөлімінің басшысы Гаухар Даулбаева, мемлекеттік кіріс басқармасының құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің басшысы Мариям Кусаинова, кассалық-бақылау машиналарын тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Попович, кедендік одақ бөлімінің басшысы Марина Орлова, «Нұр Отан» Партиясы филиалының өкілі – Лев Маар, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Марат Алтынбеков.
Кәсіпкерлер палатасының өкілі Марат Алтынбеков сөз сөйлегенде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есеп құру, жеке сұрақтар бойынша кеңес беру, кедендік шаралар бойынша қызмет көрсету, заңгерлік қызметтер және басқа да қызметтерге байланысты қайтарымсыз ретінде қызмет көрсететіндігін хабарлады.
Іс-шаралар барысында баяндамашылар жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді және буклеттер мен кітапшалар таратты.