
Жеңіс күні – бүл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілк пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғанан жауынген-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәнгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар және Жеңіс күндері қарсаныңда Ұлы Отан соғысының ардагері Казимир Беймартпен кездесті.
Айбынды ардагер соғыс кезінде Бірінші Прибалтикалық фронтта 1128 полкта шайқасты. Фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдыгы үшін «Жауынгерлік қызметтер үшін», «Германияны жеңу үшін» медальдарымен және тағы да басқа сыйақыларымен марапатталды.
Соғыс аяқталғаннан кейін тың жерлері даму кезеніңде Қазақстанға Украинадан келіп локомотив жүргізушісі ретінде жұмыс істеді, содан кейін темірбетон бұйымдарының комбинатының және құрылыс кешенінің бу беру цехының бастығы қызметін атқарды.
Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерін мерекемен құттықтай отырып, сыйлықтар табыс етіп материалдық көмек қөрсетті.
Ардагер өз ризашылығын көрсетіп шын жүректен алғысын білдіре отырып Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне табыс және сәттілік тіледі.