Жарияланған күні: 12.05.2020 18:29
Өзгертілген күні: 12.05.2020 20:55

  Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Казимир Беймартпен кездесіп ардагерді 93 жылдық мерейтойымен құттықтады! Олар сыйлықтар табыс етіп, Казимир Борисовичке денсаулық пен берекелік өмір тіледі.

     Айбынды ардагер соғыс кезінде Бірінші Прибалтикалық фронтта 1128 полкта шайқасты. Фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдыгы үшін «Жауынгерлік қызметтер үшін», «Германияны жеңу үшін» медальдарымен және тағы да басқа сыйақыларымен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін тың жерлері даму кезеніңде Украинадан  Көкшетауға келіп локомотив жүргізушісі ретінде жұмыс істеді, содан кейін темірбетон бұйымдарының комбинатының және құрылыс кешенінің бу беру цехының бастығы қызметін атқарды.

Ардагер өз ризашылығын көрсетіп шын жүректен алғысын білдіре отырып Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне табыс және сәттілік тіледі.

 Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарыңын ардагерлері - тыл еңбеккерлері Теңбай Сафиуллаұлы Ыбраев пен Антонина Николаевна Антонова да назардан тыс қалған жоқ. Оларға сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.