Жарияланған күні: 14.07.2021 17:48
Өзгертілген күні: 14.07.2021 17:52

Үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан немесе интеграцияланған жүйенің (ERP жүйе) барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұрады.

Бұл ретте осы үш құрауыштың барлығы өзара байланысты болуы тиіс, егер сатылған тауар (ERP жүйесінде) егер ол бойынша БКМ чегі ұрылмаса, қоймадан есептен шығарылмауы тиіс.

Кәсіпкерлерге қатысты ҮИЖ қолданудың қандай артықшылықтары бар?

1. Салықтөлеуші жарты жылдық үшін оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану үшін кірісті ұлғайтуға құқығы бар - 70 048 АЕК.

2. Сондай-ақ, ҚҚС 114 184 АЕК мөлшерінде артады.

Алайда, бұл компонентті интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет.

Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

Салық кодексінде сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын 60 мың теңгеге, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% - ынан аспайтын мөлшерде азайту көзделген.

Салық кодексінде сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын 60 мың теңгеге, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% - ынан аспайтын мөлшерде азайту көзделген.

Яғни, егер бір жыл ішінде жеке табыс салығының сомасы 140,0 мың теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 60,0 мың теңгеге азайтуға құқылы.

ҮИЖ-ді есепке қою, өзгерту, есептен шығару (Бірыңғай тізілімге енгізілген) салықтық өтініш бойынша, орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында, келу тәртібімен немесе салық төлеушінің кабинетінде электрондық түрде жүзеге асырылады.

Егер жеке табыс салығының сомасы бір жыл ішінде 100,0 мың теңгені құраса, онда кәсіпкер салық сомасын 50,0 мың теңгеге азайтуға құқылы. Жеңілдік 01.01.2022 ж. дейін қолданылады.

ҮИЖ бірыңғай тізілімі  kgd.gov.kz - сайтында орналастырылған.