
Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» IX облыстық спартакиадасының футзал бойынша жарыстары өтті.
Спартакиада тоғыз қумалақ, волейбол, үстел теннис, оқпен ату, шахмат, жүзу, футзал, шаңғы жарысы спорт түрлері бойынша өткізіледі.
Футзал бойынша жарыстарында 8 команда қатысты.
Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері сенімді жеңіске қол жеткізді, екінші орында облыстық әкім аппарытының құрама командасы, ал үшінші орында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің қызметкерлері.
Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.
Қазіргі танда спорт массалық феноменге айналуда – дейді жеңімпаздар командасының капитаны аудит басқармасының басшысы Бақыт Жаңабаев – көрермендер арасында
қызметкерлердің әріптестері, достары мен отбасылары. Біздің команданың форварды Берік Ширазов белсенді және нәтижелі ойын көрсеткені туралы атап өткен жөн.
Мемлекеттік кірістер департаментінің командасын алғаш рет құттықтағандардың арасында «Көкшетау-кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы Рүстам Мәдиевтің бес жастағы ұлы - Мансұр.
Спартакиаданың келесі спорт түрі шаңғы жарысы ағымдағы жылдың 28 желтоқсанда өтеді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!