
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлттық валюта -теңге күніне арнап мемлекеттік кірістер департаменті және аудандық басқармалардың қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен ыңталандыру мақсатында шахмат ойыны бойынша облыстық турнир қашықтық үрдісінде өткізілді.
Турнир lichess.org. платформасында қашықтық үрдісінде швейцар жүйесі бойынша өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынға Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов екінші орынға Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Шуленбеков, ал үшінші орынға Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жанат Тубеков ие болды.