
Көкшетау қаласында Бұқпа шаңғы базасында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» IX облыстық спартакиадасының шегінде шаңғы жарысы бойынша жарыс өтті.
Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында жеке жарысында бірінші орын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық актілерді бақылау басқармасының бас маманы Нариман Мұсынов, екінші орын облыстық әкім аппараты басшының орынбасары Азамат Капышев, үшінші орын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің бас маманы Абай Жаналинов орынға жүлделі болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша әйелдер арасында жеке жарысында бірінші орын облыстық әкім аппараты бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек, екінші орында «Солтүстік ҚазЖер қойнауы» өңіраралық департаментінің бас маманы Құрлыгүл Омарова, ал үшінші орында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бас маманы Әлия Жаңсақалова орынға жүлделі болды.
Жалпы командалық жарыста бірінші орынға облыстық әкім аппарытының құрама командасы, екінші орынға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, ал үшінші орынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің қызметкерлері жүлделі болды.
Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!