
Көкшетау қаласының «Спорттың ойнау түрлері бойынша спортклубында» мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «Отан» VII облыстық спартакиадасының үшінші кезеңі өтті.
Волейбол бойынша жарыстарында 17 команда қатысты. Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері сенімді жеңіске қөл жеткізді, екінші орында Табиғат ресурстары басқармасының қызметшілері, ал үшінші орында облыстық әкім аппарытының құрама командасы.
Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.
Жеңімпаздар командасының капитаны «Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Сәкен Жұрұмбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.
Спартакиаданың келесі спорт түрі спорттық ату ағымды жылдың 18 қарашасы өтеді.
Назарларыңызға саламыз, спорттың сегіз түрі бойынша «Отан» VII облыстық спартакиадасы Көкшетау қаласында 2016 жылдың қазан-желтоқсан аралығында өткізілді. Спартакиадаға қатысу үшін облыстық басқарма және департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінен тұратын құрама командалар рұқсат етіледі.
Әрине жеңімпаздарды құттықтаймыз!