Жарияланған күні: 11.11.2019 18:54
Өзгертілген күні: 11.11.2019 18:57

 Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Отан» X облыстық спартакиадасының волейбол бойынша жарыстары өтті.

Спартакиада тоғыз қумалақ, волейбол, үстел теннис, оқпен ату, шахмат, жүзу, футзал, шаңғы жарысы спорт түрлері бойынша  өткізіледі.

Волейбол бойынша жарыстарында 15 команда қатысты.

Мәмілесіз ойындар нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің уәкілдері сенімді жеңіске қол жеткізді, екінші орында Қазынашылық департаментінің қызметшілері, ал үшінші орында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің командасы.

Жеңіпаздарға денешынықтыру мәдениеті және спорт басқармасының медальдары мен грамоталары тапсырылды.

Жеңімпаздар командасының капитаны посткедендік бақылау бөлімінің бас маманы Сәкен Жұрұмбаев осындай шараларды өткізу салауатты өмірдің салттың насихаттауға және дамуына жол беретіндігі туралы атап кетті.

Спартакиаданың келесі спорт түрі үстел теннисі ағымды жылдың 15 қарашасы өтеді. 

Әрине жеңімпаздарды құттықтаймыз!