Жарияланған күні: 31.08.2020 20:49
Өзгертілген күні: 31.08.2020 20:49

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Оқу-әдістемелік орталығы аймақтық Департаменттер, Басқармалар және Комитеттің орталық аппараты қызметкерлерінің арасында өткізген «Брейн-ринг» зияткерлік викторинаның қорытындысын шығарды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Көкшетау –кедендік ресімдеу орталығы» кедендік бекетінің жетекші маманы Заманбек Пшенбай салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы креативті ойларымен және кәсібі деңгейде  білімділігін көрсеткен үшін Дипломмен марапатталды.

Викторина 3 кезеңде өткенін атап өткен жөн.

 1 кезең - мемлекеттік кірістер саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша жалпы сұрақтар сондай-ақ жалпы эрудиция бойыша сұрақтар. Оны қатысқан 170 қызметкердең 137 өтті.

2 кезең - Double Power онда салық сұрақтарына кеден бөлімшелерінің қызметкерлері жауап берді және керісінше. 48 әріптесіміз басқа сала туралы білімді көрсетті.

3 кезең - Эссе жазу барысында Комиссия мүшелерімен үлкен қызығушылықпен 35 эссе қаралды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!