Жарияланған күні: 15.08.2017 17:39
Өзгертілген күні: 15.08.2017 17:41

Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев ұжымыды құттықтап, осыдан ұш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау Комитеті және Салық Комитеті қайта ұйымдастырылып, Мемлекеттік кірістер комитеті құрылғаны туралы атап өтті. Бір мезгілде ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін тарату жолымен, экономикалық және қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша міндеттер ҚР ҚМ МКК-не берілді. Біріктірудің бірден-бір неғізгі мақсаты – шағын және орта бизнестің іскерлік белсендіріктерін қолдау бойынша, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыру.

Мереке қарсаңында бір қатар қызметкерлер марапатталды.

Міндеттерін үлгілі орындағаны және  қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының күні» мерекесіне орай  Тусіндіру жұмыс басқармасының басшысы Шынар Мусина, Жедел-іздестіру қызметі басқармасының бас маманы Әльфия Жолдасова, Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жаңылдық Сыздықова «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төс белгімен марапатталды.

«Көкшетау- кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Нұрлан Курумбаев, Камералдық бақылау басқармасы №3 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы   Райхан Галимова, Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Нұргүл Ибраева; Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бас маманы - аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Әсем  Қасымова, Көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы- аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Айбар Мұкашев,  Астрахан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Александр Нитченко; Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Қоңысбай Шанеев, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Айнагүл Абуова Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 Үздік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының және Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыстары берілді.

Шара барысында «Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу тарихи туралы» деректі бейне фильм көрсетілді.