Жарияланған күні: 29.05.2024 18:01
Өзгертілген күні: 29.05.2024 18:03

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу және бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында Спартакиада өтті.

Салтанатты рәсімге ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасарлары Бақытжан Слямов, Сейілжан Ахметов, Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сырым Нұркенов қатысты.

Биыл спартакиадаға 8 команда құрамында 200-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыс спорттың 4 түрінен өтті: шағын футбол, волейбол, шахмат және киберспорт.

Волейбол жарысының қорытындысы Ақмола облысы бойынша МКД қызметкерлері үшінші орынға ие болды. Әріптестерді құттықтаймыз!