Жарияланған күні: 05.10.2020 11:42
Өзгертілген күні: 05.10.2020 11:43

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот – фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 862 бұйрығымен «Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілгенін хабарлайды.

Көрсетілген бұйрық электрондық шот-фактураларды жазып беру арқылы Виртуалды қоймамен жұмыс істеудің қолданыстағы тетігін қолдануға негізделген және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ алтын/құрамында алтыны бар кенді өндіруге бақылауды күшейту және оның көлеңкелі айналымын азайту жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында дәрі-дәрмектер айналымының, баға белгілеудің мемлекеттік мониторингін қамтамасыз ету үшін әзірленді.

«Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауарлар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.

Жоғарыда аталған тауар топтары үшін «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2020 жылғы 1 қазаннан басталады.

Әдістемелік сүйемелдеу мен консультациялық көмек көрсету үшін «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттемесі қолданылатын салық төлеушілерге «0301 ВС» WhatsApp-та чат құрылды.

Чатқа қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сіз келесі байланыс ақпаратын пайдаланып сөйлесу әкімшілерімен байланысу керек: 8(716-2)25-30-35, WhatsApp 87472777510, 87017283131.