
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Еуразиялық экономикалық одақ және ұлттық заңнама талаптарына өнімнің сәйкестігін растау рәсімі жүргізу тәртібін туралы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталмыш шараға мүдделі мемлекеттік органдары және кеден өкілдері қатысты.
Кедендік бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Орумбаев тауарлардың және көлік құралдарын ресімдеу кезіндегі заңнамаларды бұзбау қажеттілігін атап өтті.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Айгүл Ахтаева Кеден одағының 34 техникалық регламентері күшіне енгені туралы және Кеден одағының техникалық регламентерімен белгіленген өнімнің нарықтағы айналымының басты шарты оның сәйкестігін міндетті түрде растаудан өткізу болып табылатындығын түсіндірді.
«Сараптау және сертификациялау ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы сертификация бөлімінің басшысы Айгүл Дүйсембаева қатысушылардың назарына сертификаттар мен декларациялардың шығару тәртібі мен шарттары туралы ақпарат жеткізіп, сонымен қатар сынақтарды өткізу тәртібі мен таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелер қарастырылды: өнімдерді Қазақстан Республикасының территориясына кіргізу тәртібі бойынша ЕЭК№ 294 Шешімімен бекітілген соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қажеттіліктеріне арналып әкелінген бірлік өнімдер.
Қатысушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.