
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру іс-шаралар жүргізу барысында Тәшенов көшесінде орналасқан М. жеке кәсіпкердің сауда дүкенінде заңсыз алкоголь өнімінің сақтау және сату фактісі анықталып саны 432 бөтелке аңықталды.
Оның ішінде пластик ыдыста құрамында спирті бар алкоголь 195 бөтелке– 124,5 литр, ілеспе жүкқұжаттарсыз саны 237 бөтелке – 129,85 литр.
Заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді.
Аталған факті бойынша әкімшілік материал сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.