
Еуразиялық экономикалық одағынан Қазақстан аумағына әкелінетін тауарларды бақылау мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тәулік бойы жұмыс режимімен жедел штаб және мобильді топтар құрылды.
Мобильді топтар жұмыстары салық кодексінің 142 бабымен реттелген және импортталатын тауарларға тауарлық-көліктік жүкқұжаттары бойынша және тауарлардың атаулары тауар-көлік жүкқұжаттары көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі, салықтық міндеттемелері соның ішінде ҚҚС төлеу бойынша орындалуы тақырыптық тексерулер жүргізуге бағытталған.
Казіргі танда басқа облыстардың шекаралық өткізу бекеттердің шұғыл ақпараты бойынша облыс аумағына мекен-жайы жоқ салық төлеушілерге импортталған тауарлар арналған автокөлік құралдардың әкелу әрекеттеріне жол кесілді.
Сонымен қатар импортталатын тауарларға тауарлық-көліктік жүкқұжаттарсыз автокөлік құралдардың ұсталған фактілер орын алуда.
Аталған фактілер бойынша автокөлік құралдарының жүргізушілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571 бабының 2-1 тармағы бойынша (5 АЕК = 12625 теңге) әкімшілік жауапкершлікке тартылады.
Көлікті тауармен бірге нақты сатып алушыларды анықтау және импортталған тауарларға ҚҚС төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау кезге дейін ұсталады.
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Көкшетау қаласының кіре берісіңде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мобильді тобымен Ресей федерациясынан импортталған тұрмыстық тауарларымен автокөлік құралы тоқтаталып, тексеру кезінде тауар-көлік құжаттарының нақты сатып алушы жоқ екендігі анықталды.
Автокөлік құралы нақты сатып алушыны анықтағанға дейін ұсталды.
Заңсыз импорт фактілері бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жедел штабына (8-7162) 72-12-40, 72-12-44 телефондары бойынша хабарласуға болады.