Жарияланған күні: 05.07.2016 16:38
Өзгертілген күні: 05.07.2016 18:28

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 214 бабына сәйкес  заңсыз кәсiпкерлiк қызметiнің фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Жедел-іздестіру шара барысында Көкшетау қаласы аумағында Экономикалық тергеу қызметінің  қызметкерлермен шарап пен арақ және басқа да спиртті ішімдіктер сататын бөлімнің бірінде,  гаражда, қоймаларда  және және келетін көлік құралдарында әртүрлі атаулары мен өндірушілердің 68 мыңнан саны көп күмәнді есеп-бақылау маркалары бар алкогольдық ішімдіктер табылып тәркіленген.

Осы алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау маркалары сканерлеген кезде олардың түпнұсқалығы анықтай алмаған. Қазіргі танда осы факті бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.