Жарияланған күні: 28.05.2019 17:58
Өзгертілген күні: 28.05.2019 18:00

Астрахан ауданының зейнеткері Любовь Ивановна   Вольская «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» ұтыс акциясының жеңімпазы болды.

Астрахан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Майра Караулова жеңімпазға  жетінші моделі  айфон сыйлығын табыс етті.

Любовь Ивановнаның айтуы бойынша  ол жүлдені ұтып алам деп күтпеген екен сонымен қатар Каменка ауылының тұрғындары сол кісіден үлгі ала отырып міндетті түрде чектерді талап етуде және акцияға қатысуда.

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады .

Акцияның негізгі мақсаты, азаматтардың белсенділігін және жұртшылықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату сондай-ақ тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу және көлеңкелі экономика көлемін қысқарту болып табылады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.

Акция кезінде Қазаұстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.