
Бүгін Көкшетау қаласын санитарлық тазалау мен көркейту бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы шараға белсенді қатысты. Түскен жапырақтардан, қоқыстан тазаланып, ағаштар мен бордюрлерді әктеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Қопа өзенінің жағысы жиналған қоқыстан тазартылды.
Қалалық сенбіліктің басты мақсаты - қоғамды қалада тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерімен таныстыру болып табылады.
Қаланың көшелері мен аулаларды абаттандыруға қаланың барлық тұрғындары және мекемелерінің мүмкіндіктері бар.