
Көкшетауда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенова Абай Мырзахметов атындағы университетінің 4 курс студенттеріне «Жалпыға бірдей декларациялаудың IV кезеңі» тақырыбында түсіндіру жұмыстар жүргізді.
2021 жылдың 1 қантарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңмен жалпыға бірдей декларация енгізілді.
Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсатты: әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Бұрын жалпыға бірдей декларацияға мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар; мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері; заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер; жоғары айтылған тұлғалардың жұбайлары енгізілді.
Төртінше кезеңде 2025 жылғы 1 қантардаң бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қалған азаматтар (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) тапсырады. Ақмола облысы бойынша бұл санаттағылардың саны 335 мыңға асатын жеке тұлға болады.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Студенттердің қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.