
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі» тақырыбында брифинг өтті.
2021 жылдың 1 қантарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңмен жалпыға бірдей декларация енгізілді.
Жалпыға бірдей декларацияның негізгі макқсатты;
- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Үшінші кезеңде, яғни 2024 жылғы 1 қантардаң бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады. Облыста мұндай адамдардың саны 91 мыңнан сәл асады.
2024 жылғы 7 кыркүйегінде жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 67 мың жеке тұлға немесе 73 % ұсынғаны туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өңдірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова жеткізді.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ «Е-Salyk Azamat», «e-Gov mobile». мобильді қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны екініші денғейдегі (Каспи, Халық және тағы басқа) банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Салық төлеуші Декларацияны толтырмас бұрын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарына өз бетінше кіріп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларацияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады.
Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында Байланыс орталығы іске қосылды.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.
Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсембі күндері департамент сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізеді. Идентификаторының нөмірі департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Серверлерге жоғары жүктемені қылдырмау үшін салық декларацияны алдын ала тапсыруға кеңес береміз. Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.