Жарияланған күні: 24.12.2024 15:43
Өзгертілген күні: 24.12.2024 15:45

Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Кейіннен активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады.

Сондықтан декларацияны толтыру алдында:

1) тиісті растайтын құжаттарды дайындауды;

2) 31.12.2024 жылға дейін ақшалай қаражатты (36 920 000  теңгеден астам) банктік шоттарда салуды;

3) бастапқы декларация берілген күнге дейін 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыруды;

4) салық төлеушінің өтініші бойынша декларация берілген сәтке дейін 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлігінің құны 3 692 000 теңгеден асатын мүлікті бағалауды;

5) Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын:

бағалы қағаздар бойынша: https://portal.kacd.kz:

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша: https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша: https://gosreestr.kazpatent.kz;

сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша: https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu сайттарда тексеруді ұсынамыз;

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жолдау қажет.