Жарияланған күні: 18.02.2016 18:42
Өзгертілген күні: 18.02.2016 19:03

Кокшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында салық және кеден  заңнамаларына, азаматтық іс жүргізу кодексіне, әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілгендігі туралы семинар өткізді.

Семинар жұмысына Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы  мен үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері, 300 астам салық төлеушілер мен сыртқы-экономикалық қызмет қатысушылары қатысты.

Әлемдіқ экономиканың жаңа шындығына қарамастан біздің мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету болып табылады -  шараның ашылуы барысында дейді Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов.

Қазіргі таңда еліміздің экономикалық дамуы үшін қажетті 59 заң қабылданып жұмыс істеуде. Өзгерістер «100 ңақты қадам» Ұлт жоспарын іске  асыру бағытталған кеден және салық жүйесін әкімшілендіруін жетілдіруге арналған.

Өзгерістер әкімшіліндіру тиімділігіне, бизнес-процестерді оңтайландыруына, салық базасын кеңейту және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсартуына бағытталған.

Семинардың негізгі мақсаты - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еңген кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы салық төлеушілердің назарына жеткізу.

Ғимараттың фойесінде, салық төлеушілер үшін салық мәселелері бойынша кеңес берілді.      Салық төлеушілер арасында ерік түрде үлестірме материалдар мен  буклеттер тараталды.  

Департамент мамандары ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды таңыстырды.

Осы күні аймақтық мемлекеттік кірістер  органдарында «Ашық есік күні» өткізіліп салық төлеушілер өз сұрақтарына құзыретті жауаптарын алды.