
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін еңгізу туралы заңының (әрі қарай – ҚР салық кодексі) 363 бабы 1 тармағы 11 тармақшасына сәйкес есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерден табыс көздерін алған жеке тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар азаматтар жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырады.
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасында жеке тұлға мүлік сату кезінде өзіндік құны өскен жағдайда да, жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырады.