
2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидалары» және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактуралардың нысаны бекітілген.
Қағидалардың 89-тармағына сәйкес тізімге енгізілген жеке тұлғаларға тауарларды сату кезінде мынадай есептер жүзеге асырылады:
1) қолма-қол ақшамен бақылау-кассалық машинаның чегін бере отырып және (немесе) қызметті төлем терминалдары арқылы;
2) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған жабдықты (құрылғыны) пайдалану арқылы;
3) электрондық ақша немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып.
Шот-фактураларды электронды нысанда жазып беру осы Қағидалардың 90-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Жеткізіп беруші осы Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын "Алушының деректемелері" С бөлімінде көрсете отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазылып беріледі:
"Алушы" деген 17-жолда - "Жеке тұлға" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);
"Орналасқан жерінің мекенжайы" деген 18-жолда – "Бөлшек сауда" (бұл жол автоматты түрде толтырылады);
"Алушының деректемелері" С бөлімінің "Алушының санаты" 20-жолының "I" торкөзіне – белгі қойылады.
Қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазылып берілуі мүмкін.
Жоғарыда мазмұндалғандардан жеке тұлғаға тізімге енгізілген тауарларды сату кезінде, Қағиданың 89-тармағында көзделген есептердің біреуін қолданатын Жеткізіп беруші (Сатушы) "Алушының деректемелері" С бөлімінде көрсете отырып, тауардың әрбір түрі бойынша бір күнде барлық айналымға ЭШФ жазылып беріледі және де қажет болған жағдайда бірнеше ЭШФ жазылып берілуі мүмкін.