
Мемлекетік қызметкердің компьютеріндегі жұмыс үстелі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік зұлымдықпен күнделікті күресудің жаңа әдісін ұсынды.
Бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмыс компьютерлерінде «Заңға қарсы әрекет етуден алдында – ойлан! Әрқашан есінде болсын Сені үйде күтуде!» деген хабарлама арқылы жүзеге асты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертуі мемлекеттік кірістер департаменті әр қызметкерінің жұмыс үстеліне орнатылады.
Экрандағы 20 секундтық ескертпе сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік қызметкерлер арасында аталмыш індетке қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдістерінің бірі болады деп күтілуде.
Сонымен қатар, ескертпе аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында орнатыластырғаны туралы атап өту керек.