Жарияланған күні: 15.08.2017 15:55
Өзгертілген күні: 28.08.2017 10:52

Зеренді аулының дене-шыңықтыру емдік кешенінде  Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің 3-жылдығына арналған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Спартакиадасы өтті.  Жарыс волейбол, шағын -футбол, үстел теннисі түрлері бойынша өткізілді. Спартакиада жоғары деңгейде өтіп олардың нәтижесі бойынша үздіктері аңықталды. Командалар жеңіске жету үшін ыңтымақтастықты көрсетті.

Ойындар қорытынды бойынша шағын-футболдан бірінші орын - Экономикалық тергеу қызметінің командасына бұйырды, екінші орын әкімшілік блогының қызметкерлері,  үшінші орында Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Үздік волейбол командасы - әкімшілік блогының командасы атанды, екінші орында Экономикалық тергеу қызметінің командасы, үшінші орында Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Үстел  теннис жарыстар бойынша бірінші орында әкімшілік блогының командасы, екінші орында Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, үшінші орында Экономикалық тергеу қызметінің командасы.

Атап айтқандай жеңілгендер болған жоқ - жеңіс пен достық жеңді, барлық жарыс қатысушылары жігерлі қуат  алып қайтты!