
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің Ұлттық жоспарының 98 қадамын орындау мақсатында, 100 нақты қадамның бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру барысында, аумақтық қала, ауыл, ауылдық округ деңгейінде жергілікті үкіметте тәуелсіз бюджет енгізіледі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда заңды түрде, халық саны 2000 адамнан асатын, аумақтық қала, ауыл, ауылдық округінде бюджеттің 4-і деңгейі енгізілген. Бұрын бюджеттің тек 3 деңгейі болатын – республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар).
Тәуелсіз бюджеттің құрылуы әкімдердің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу мен азаматтардың өз ауылдарының дамуына бағытталған шешімдерді қабылдауға әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 533 бұйрығымен, мемлекеттік тіркеу тізілімінің нормативтік құқықтық актілерінде тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, жоғары көрсетілген салық есептілік нысандары мен оларды толтыру ережелері бекітілген.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық бюджетке тікелей есепке алу келесі салықтар бойынша жүргізіледі:
- Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (БСК 101202 – қызмет атқару орнында);
- Мүліктері аумақтық қала, ауыл, селолық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (БСК 104102 – нысанның орналасқан жері бойынша);
- Көлік құралдары аумақтық қала, ауыл, селолық округ аумағында тіркелген заңды және жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104401 – нысанның тіркелген жері бойынша; БСК 104402 – жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша);
- Жер учаскелері аумақтық қала, ауыл, селолық округ аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан елді мекен жерлеріне алынатын жер салығы (БСК 104302 - нысанның орналасқан жері бойынша).
Жоғарыда көрсетілген салықтар бойынша төлемдер, тиісті елді мекен бойынша Әкімшіліктің ЖСН-на жүргізілі тиіс. Нысанның жергілікті үкіметтің тәуелсіз бюджетін жүзеге асыруға бөлінбеген, басқа елді мекенінде орналасқан жағдайда, салық төлемдері бұрынғыдай тиісті МКБ-ның ЖСН-на жүргізіледі.
Нысандары ауылдық округтің аумағында орналасқан, тәуелсіз бюджетке өткен жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, салықтар бойынша есептеулерді дұрыс көрсету үшін, 2018 жылдан бастап салық есептілік нысандарында аумақтық қала, ауыл, ауылдық округ аппарат әкімшіліктерінің ЖСН-ы көрсетіледі.
Дәурен Шағатаев
өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы