Жарияланған күні: 08.11.2016 12:50
Өзгертілген күні: 08.11.2016 12:54

 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ағымдағы жылғы 10 айының жұмыс қортындысы туралы талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов әңгімеледі

                   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысындағы басымдылық бағыттарының бірі ол жоспар көрсеткіштерін орындау және мемлекеттік бюджет түсімдерін көбейту. Салық пен кедең түсімдерінен түсетін табыстан азаматтардың алдындағы әлеуметтік борыштары орындалады.

          2016 жылғы 10 ай қортындысы бойынша  мемлкеттік бюджеттің жоспары 106,3% орындалды, жоспар 80 млрд. теңгені құрап, нақты 85  млрд. теңге түсті. Соның ішінде республикалық бюджет 108,7% орындалып, жергілікті бюджет 104,4% орындалды.

         Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 20 млрд. 822 млн. теңге артып түсті, немесе 132,2%. Республикалық бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 157,6% құрады (14 млрд. 279 млн. теңгеге), жергілікті бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 116,4% құрады (6 млрд. 543 млн. теңгеге).

        Салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқарған негізінде мемлекеттік бюджетке қосымша 7 млрд. 301 млн. теңге алынды (соның республикалық бюджетке – 5 млрд. 586 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 1 млрд. 715 млн. теңге).