
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен атқарылған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік бюджеттін жоспар көрсеткіштері орындалды.
2017 жылдың 1-ші тоқсанындамемлкеттік бюджеттін жоспары 117.0% орындалды, жоспар 26 млрд. 980 млн. теңгені құрап, нақты 31 млрд. 570 млн. теңге түсті. Соның ішінде республикалық бюджет 116,0% орындалып, жергілікті бюджет 118,2% орындалды.
Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке 7 млрд. 798 млн. теңге артып түсті, немесе 132,8%. Республикалық бюджеттін түсімінін өсу қарқыны 153,5% құрады (5 млрд. 985 млн. теңгеге), жергілікті бюджеттін түсімінін өсу қарқыны 114,4% құрады (1 млрд. 813 млн. теңгеге).
Салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқарған негізінде мемлекеттік бюджетке қосымша 1 млрд. 815 млн. теңге алынды (соның республикалық бюджетке – 1 млрд. 114 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 701млн. теңге).