
Танымал журналист Қазақстан Көкшетау телеарнасының тілшісі, ұш баланың әкесі Ерболат Серікбай үйіңде өрт шығып барлығы заттар, мен құжаттар жанып кетті. Бұл хабарды естіп Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көмек көрсетуге шешім қабалдады. Балалар киімін, тұрмыстық заттар мен ақша қаражатын жинап Ерболатқа берді.
Асар – деген дәстүр ертеден келе жатқан халқымыздың озық әдет-ғұрпы. Бірлесіп отырып біздің ата-бабаларымыз қиындыққа тап болған адамдарға көмектесті. Ата салтымыз адамдарды ынтымақ-бірлікке, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеп, еңбек етуге баулитын қоғамдық және әлеуметтік маңызы зор, пайдасы мол, мәні терең іс – дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков - біздің ұжым Ерболатқа көмек көрсетуге шешім қабылдады.




























