
Қазақстан Республикасы кеден қызметінің алдына қойылған міндеттерінің бірі өзінің құзыреттілігінің шегінде зияткерлік меншік объектілеріне (ЗМО) құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
ЗМО құқық иеленшушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әр мемлекеттің кеден органдары өздерінің ұлттық кедендік ЗМО тізіліміне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасында – бұл зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі (ЗМОКТ). ЗМОКТ кеден органдарымен жүргізіледі және жариялауға жатады, оның ішінде кеден органдарының ресми интернет-ресурсінде, веб-порталында.
Тауарлық белгісін немесе басқа зияткерлік меншік объектісін ЗМОКТ енгізу үшін құқық иеленушісіне уәкілеттік органға зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттармен бірге өтініш беру қажет, ондай құжат ретінде тауарлық белгіні тіркеу туралы куәлігі немесе лицензиялық келісімшарт, сондай-ақ, басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру келісімшарты қарастырылуы мүмкін. Зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізіліміне енгізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Кодекс) 53 тарауымен айқындалады.
Кеден органы кедендік бақылау аясында зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілерін анықтағанда тауарлардың шығарылуын он күнтізбелік күнге дейін мерзімге тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда тауарлардың тоқтатылуы туралы шешімді қабылдаған кеден органы тауарлардың шығарылуын тоқтату күнінен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кеш емес бұл фактісі туралы декларантқа немесе оның өкіліне хабарлауға міндетті. Хабарламада шығаруды тоқтату себептері, зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушісі жайлы мәліметтер болу қажет. Сондай-ақ, кеден органы құқық иеленушісін ЗМОКТ қандай объектілер енгізілгені, зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері бар тауарларды тоқтату фактісі туралы хабарландырады және оған декларант жайлы мәліметтерді жолдайды.
Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткен соң осындай тауарларды шығару мерзімі кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жаңартылады және жүргізіледі.
2020 жылдың басынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылу мерзімі тоқтатылған 3 факт тіркелді. Құқық иеленушінің аталған тауарды енгізуге рұқсат беру туралы хаты келіп түскеннен кейін тауардың шығарылуы қайта басталды.