
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаныңда Қаржы министрі Әлихан Смайылов ведомствоның үздік қызметкерлеріне марапаттар табыс етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы "Құрмет" орденімен
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев марапатталды.