
Республикада Тұңғыш Президент күні 2012 жылдан бастап атап өтіле бастады.
Бұл күні 1991 жылы алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті лауазымына сайланды.
Елбасының алғашқы қадамдарының бірі еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған салық және кеден органдарын құру болды.
Осылайша, Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен Қазақ КСР Мемлекеттік салық қызметі құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында халықтың еркімен Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды.
Осылайша, салық және кеден жүйелерінің қалыптасуы жас егемен мемлекеттің дамуына бастама болды.
2014 жылғы 14 тамыздан бастап салық, кеден органдары мемлекеттік кірістер органдарына біріктіріліп, оған оңалту және банкроттық құрылымы де кірді.
Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілермен ашық диалогты жолға қою бойынша басқа мемлекеттік органдар арасында алғашқылардың бірі болып, белсенді жұмыс жүргізуде, әсіресе электронды түрде өзара ақпарат алмасу дамыған.
Қазақстандағы салық ставкаларының ең төмен болуына қарамастан, жүргізілген фискалдық шаралардың нәтижесінде тек соңғы 10 жылда салық түсімдерінің 4 еседен астам өсімі байқалады (2009 жылы – 2,2 трлн теңге, 2019 жылы– 9,2 трлн теңгеден астам).
Фискалдық әкімшілендіруді жетілдіру үдерісі заңнаманы жетілдірумен қатар ақпараттық технологияларды дамытумен байланысты.