Жарияланған күні: 30.07.2018 18:45
Өзгертілген күні: 30.07.2018 18:46

Бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға бағыталған шаралар Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өзекті және басым бағытының бірі.

Біздің елде бизнес жүргізуге ең  қолайлы жағдайлар жасалған, бірақ мемлекет тұрғысынан соншалықты оңтайландыру жасалып жатқанына қарамастан, кей салықтөлеушілер өкінішке орай нақты табысын, жалақы қорын  толық көрсетіп, тиісті салықтарды толыққанды дұрыс төлеп, салық міндеттемелінерін орындауға дайын емес.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Бурабай-Щучинск шипажай аймағында кәсіпкерлікпен айналысатын салықтөлеушілердің  қызметіне сараптама жасап, кәсіпкерлердің табыстары көрсеттіп жатқан қызметтерінен түсетін табыстардан анағұрлым төмен болып, күмән тудыруына байланысты шипажай аймағындағы бірқатар обьектілерде хронометражды бақылау жасауға шешім қабылданды.

Хронометражды бақылау барысында кәсіпкерлердің өз салық міндеттемелерін орындамау, көрсеткен қызметтерден түсетін табыстарды азайтып көрсету, бақылау кассалық машиналарды онлайн тәртібінде қолданбау және тағыда басқа салық заңнамасын бұзу әрекеттері анықталды.

Хронометражды бақылаудың алғашқы күндері ақ облыстық мемлекеттік кірістер қызметкерлері кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысушы 2 салықтөлеушіні тіркеуге қойды. Сонымен қатар, Салық кодекісінің 166 бабын бұзып, ақшалай есеп айырысқан кезде бақылау кассалық машинасын қолданбайтын дәмханалар анықталды.

Мысалы, мерекелік демалыс күндері (06.07.2018 ж.) «А»  дәмханасы бар жоғы 33 000 теңге бір кундік табыс көрсетсе, ал бақылау нәтижесі бойынша табыс соммасы 10 есе екені анықталып және кунделікті түсім сомасы 350 мың теңгеден кем емес екені анықталды.

Қонақ үй саласында қызмет көрсетушілер арасындада табыс соммаларын нақты дұрыс көрсетпейтіндерде анықталды, айта  кетсек егер қонақ уй 12 күн ішінде көрсетілген табыс соммасы 2 295 000 тенгені құраса, 6 күн жүргізілген хронометраж нәтижесі бойынша табыс соммасы 3 700 000 тенге құрады.

Департамент қызметкерлері POS–терминал арқылы есеп айырысу қолданбау фактілері және Бурабай кентінде 1 қонақ үйінде бақылау кассалық аппараты мүлдем қолданылмайтыны анықталды. 

Өздеріңізге мәлім, заң бойынша алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату тиым салынған, бірақ соған қарамастан Бурабай кентінде тиісті лицензиясыз заңсыз алкоголь өнімдерін сату фактілері анықталды. Анықталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, өнім тәркіленіп, шешім шығару үшін  іс сотқа жолданды.

Шипажай аймағында жүргізіліп жатқан хронометражды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бірқатар заң бұзушылықтар кәйбір салықтөлеушілердің жауапсыз екенін көрсетті, осы бағытта жұмыс әлі жалғасуда..

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясынның 35 бабында көрсетілгендей салық міндетемелерін орындау әр адамның борышы екенін ескертіп, салық міндетемелерін  уақтылы, толыққанды, дұрыс орындауға шақырамыз.

 

 

Ақмола облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

 түсіндіру жұмыс басқармасы