Жарияланған күні: 06.05.2020 17:40
Өзгертілген күні: 06.05.2020 17:41

    Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар ғасырында ғаламтор арқылы Ұлы Отан соғыс кезінде қаза болған немесе хабарсыз кеткен туыстар мен жақындары туралы ақпарат табуға,  олардың тағдырын анықтауға, сонымен қатар соғыс ардагерлеріне  байланысты мұрағаттық құжаттармен танысуға мүмкіндік бар.

     Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасыТеңбай Ибраевтің әкесі Ұлы Отан соғысының ардагері Сәпиола Ибраев  туралы ақпарат табуға көмектесті.

Көкшетау облысы кәзіргі Зеренді ауданы Қарлыкөл аулының тумасы Сәпиола Ибраев  1942 жылдың наурыз айында Қызыл Әскер қатарына шақырылды.

    Ол 244 атқыштар полкінің 41 қызылтулық дивизия құрамында Воронеж, Польща,  Чехословакия босату үшін және Берлин шабуылына шайқаста қатысқан.

Мұрағаттық деректер бойынша ефрейтор Сәпиолла Ыбраев 1945 жылдың 17 сәуірінде Германия аумағында Бранденбург провинциясында шайқас барысында ауыр артиллериялық миномет оттың астында, пулеметтерге және басқа да қаруларға оқ-дәрілерін жеткізген және басқа да ерлік жасаған үшін Кеңес одағының Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

   Қанды шайқаста жарақат алды, бірақ Жеңіске дейін майданда қалады.